МТРА жаңалықтары

Петропавлда көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Жәнібек Әлкин – Петропавл қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:

– Қыркүйектен бастап жылыту маусымына қосылу жүргізіліп жатыр. Бүгінде толықтай жуып-шаю жұмыстарын жүргізген үй тұрғындарға жылу берілу үстінде. Ал төлқұжаттары жоқ үйлер осы 15 күн ішінде қосыла алады.

Мамандардың айтуынша, әлеуметтік нысандарға жылу жіберу баяу жүруде. Бүгінде 120 ғимараттың тек 30-ы ғана жылумен қамтылған көрінеді. Басты себеп – кәріздік желілердің жөнделіп жатқандығында.

Сағындық Нұғыманов – Петропавл қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің инспекторы:

– Жылу көзіне қосылу үшін ғимарат иесі “Петропавл жылу желілері” ЖШС өтініш берулері қажет. Қолдарында міндетті түрде үйдің немесе әлеуметтік нысанның дайындық төлқұжаты болуы тиіс.

Дегенмен, бұл іске жауапты мекеме мамандары қар түскенше қаладағы ғимараттардың ешбірі жылудан қағылмайды, – дейді.

 

Бакыт Садуакасов