Қоғам

Жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомстоаралық комиссияның отырысы өтті

Жыл басталғалы ведомства тұрғындарға 40 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіпті. Бір қуантарлығы, халықтан мекеме қызметкерлерінің еңбегіне қатысты шағым түспеген. Бұл әділет департаментіндегі жұмыстың дұрыс жолға қойылғандығын аңғартады. Сала мамандарына сыбайлас жемқорлықтың арты соқпақты болатындығы жайлы үнемі жіті түсіндіріліп отырылса керек, соңғы 5 жыл ішінде мұнда бірде бір заңбұзушылық орын алмаған.

Ернар Сейдімбек- СҚО әділет департаментінің басшысы:

-Біз үнемі ҚР Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің СҚО бойынша департаментімен тығыз жұмыс жасаймыз. Алдын алу шаралары барлық филиалдарда уақытылы әрі жиі жүргізіліп тұрады. Сараптамалар мен талдаулар жасалады. БАҚ шыққан материалдарда зерттеліп отырады.

Мұндай жетістігімен ХҚКО мақтана алмайды. Ағымдағы жылы мекеме мамандарының жұмысына қатысты тұрғындардан 5 шағым келіп түсіпті. Оның біреуі ғана негіз тапса да, бүгіндері кінәлілер жауапқа тартылды. Алтын уақытын қиып орталыққа келгендер кезегін ұзақ күтіп, бөгеліп қалатынын алға тартуда. Кейін Жамбыл ауданының әкім Иван Турков селекторлық режимде аудандағы сыйбайлас жемқорлықпен күрес шараларының қандай деңгейде жүргізіліп жатқандығын баяндады. Мұнда да жағдай мәз емес. Жыл басталғалы 8 мемлекеттік қызметкер тәртіптік кеңеске тартылыпты. Алдын алу шаралары жүргізіледі, бірақ одан сабақ алып жатқандар жоқ. Сондықтан мұны аудан әкімі заң бұзған мамандардың жұмысқа деген салғарттығы деп түсіндірді. Аяғын шалыс басқан қызметкерлер жазаланды. Десе де, облыс әкімі Ерік Сұлтанов алдын алу шараларын күшейту қажеттігін ескертті.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі:

-Алдын алу шаралары тиімді жүргізілмейді. Мемлекеттік қызметкерлер бүгіндері барлық олқылықтар жазасыз қалмайтындығын түсінуі керек. Елбасымыз 100 нақты қадам жобасында мемлекеттік аппаратты күшейту тапсырмасын жүктеген. Бұл бағытта ауданда жұмыс атқарылмайды. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңбұзушылықтар 30 пайызға артқан. Сондықтан, жұмысты күшейту қажет.

 

Магжан Ахмадина