Қоғам

СҚО этносаралық және конфессияаралық қатынасқа байланысты аймақтық семинар-тренинг өтуде

Айгүл Сәдуақасова – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ұлтаралық байланыстарды зерттеу орталығының басшысы:

-Әр ай сайын біз бір өңірге шығып, сол жерде жақындасқан облыстарды бір-бірімен кездестіріп, пікір мен тәжірибе алмасу мүмкіншілігін тудырамыз. Бұл өте маңызды.
Негізі біз Петропавл қаласында семинарды 2012 жылы өткізгенбіз. Тақырыптар өзгеріп тұрады, бірақ мақсатымыз бір. Елбасының бірқалыпты саясатын облыс, аудан, ауыл тұрғындарына дейін жеткізу.

Аймақтық семинарға еліміздің 2 өңірінен келген өкілдер қатысуда. Олар – Ақмола және Қостанай облысының азаматтары. Шараға СҚМУ ұжымы да белсенді ат салысуда.

Мүкәрәм Тайжанова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры:

-Бүгінгі күні өткізіліп жатқан семинардың тақырыбы дұрыс таңдалған. Биылғы жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бекітілгенін барлығымыз білеміз. Енді оны барлығымыз бірігіп жүзеге асыруымыз керек. Бұл жерде ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің маңызы зор. Жалпы шараға СҚМУ-дың 28 оқытушысы да қатысып отыр.

Жалпы, 3 күнге созылатын жиынның оқу бағдарламасында облыс орталығындағы “Абылайхан резиденциясы” мен тарихи-өлкетану мұражайыларына саяхат түріндегі көшпелі сабақтың өтуі қарастырылған. Сонымен қатар, қатысушылар профессорлар жүргізетін өзекті тақырыптағы дәрістерін тыңдап, практикалық сабақтарға қатысады.

Айгерим Ержанова