Өнеркәсіп

Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Машина құрастырушылар күні

Валерий Лопатко – Облыстық кәсіподақтар орталығының өкілі:

-Машина жасау саласы ел экономикасын алға ілгерілетуші жетекші фактор. Өндіріс ошағы әрдайым ірі компаниялармен тығыз қарым қатынас орнатып, техникалық жетістіктерді меңгеріп келеді. Қазірде зауыт шығаратын радиобайланыс құрылғылары жоғары сұранысқа ие. Осы мүмкіндікті пайдалана отыра мекеме ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.

Кәсіби мерекеде белсенді қызметімен көзге түскен жұмысшылардың еңбегі ерекше бағаланды. Альфия Радичева осыдан 40 жыл бұрын осы зауытта еңбек жолын бастапты. Бүгінде нәзік жанды бөлімге басшылық жасайды. Тәжірибелі қызметкер – құрметті еңбек демалысына шықса да, сүйікті ісінен кеткісі жоқ.

Альфия Радичева – “С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты” АҚ бөлім басшысы:

-Зауытта кей жылдары еңбеккерлерге жалақы төлемеген кездер де болды. Оның бәрі өткеннің еншісінде, қазіргі кездегі жағдаймен салыстыруға мүлдем келмейді. Бүгін мекеме басшылығы менің көпжылдық еңбегімді бағалап, “Құрметті машина жасаушы” төсбелгісімен марапаттады.

Бүгінде облыс орталығындағы Киров атындағы зауытта 600 жерлесіміз еңбектенуде. 90 жылға жуық тарихы бар алпауыт өндіріс ошағы негізінен мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасайды. Кәсіпорын еліміздің қорғаныс министрлігіне радиобайланыс бөлшектерін дайындаса, темір жол мен мұнай өндіруші саланың да тапсырыстарын орындайды.

Алексей Поротников – “С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты” АҚ жаңа жобалар бойынша басқарушы директоры:

-Жылына біздің кәсіпорын құны 8 миллиард теңгенің өнімін өндіреді. Мұның барлығы зауыт жыл сайын сатып алатын замнауи қондырғылардың арқасында мүмкін болып отыр. Көпжылдық тәжірибесі бар жұмысшылар кейінгі жас толқынға үнемі ақыл-кеңестерін айтып отырады.

Кәсіпорын алдағы жылдары ірі тапсырыстармен жұмыс жасамақ.

 

Бакыт Садуакасов