Балалар

“Профилактикалық олимп” облыстық байқауы өтті

Гаухар Жақаева, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің әлеуметтік ұстазы:

-Менің дайындап әкелген тақырыбым “Заң және жасөспірім” деп аталады. Одан білім ошағымызда ілулі тұрған “Құқықтық сауаттылық – заман талабы” атты мектеп бұрышын да таныстырып өтемін.

Жалпы, “Прафилактикалық олимп” облыстық байқауы ұстаздардың жасөспірімдер арасында орын алатын құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыра білуіне бағытталған. Сондықтан, әр қатысушы өз тәжірибесін ортаға салып бағуда. Бірі өнеге сабақтарды өткізу арқылы оқушы назарын аударуға болады десе, бірі олармен тренинг-жаттығуларды жиі жасау керек дейді.

Байқау қатысуышыларына қойылып отырған талап қатал.

Ирина Якимова, Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технология орталығының әдіскері:

-Әр қатысушы әзірлеп әкелген жұмыстарын таныстырып, үш кезең бойынша өз тәжірибелерін көрсетіп бағуда. Оған мектептегі құқықбұзушылықтардың алдын алу, сыныптан тыс жұмыстар мен мектеп бұрышы деңгейлері кіреді.

Айту керек, аталмыш байқау “Қауіпсіз мектеп” республикалық акциясының аясында өтзілуде. Алғашқы орыннан көрінгендер дипломмен марапатталып, өзге қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталмақ.

 

Акбопе Танирберген