Қоғам

Петропавлда “Тіл – тұнық ойдың кәусары” республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті

Әсем Жүсіпова – №3-ші Явленка орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Есіл ауданы:

-Дайындық барысында көптеген мәліметтерді қарадық. Оның ішінде әсіресе тарих пен мемлекет жайында біраз ақпараттармен қанықтым. Келер жылы өзімнің шәкіртімді қатыстыратын боламын.

Жалпы байқаудың өңірлік кезеңіне Әсем секілді 16-ы мен 22 жас аралығындағы конкурсанттар қатысуда. Тілдер жарысына келгендердің әрбірі дарынды. Өз аудандарынан суырылып шыққан қатысушылардың барлығы жеңіске жетуге дәмелі. Оларға берілген тапсырма да оңай емес. Алғашқысында, тақырыптың мазмұнын ашу керек болса, келесінде эссе жазудан қабілетін көрсетулері тиіс. Ал ақырғы турда аудармадан қабілеттерін танытулары қажет.

Әсем Сүлейменова – Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:

-Сайысты жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналды. Бағалау жүйесі жабық түрде өткізіледі. Жарыс соңында барлық қатысушыларға кітап пен грамоталарды сыйлаймыз.

Айту керек, облыстық кезеңнен “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” атанған қатысушы, облыс атын республикалық кезеңде Астана қаласында қорғайды.

 

Бакыт Садуакасов