Құқық қорғау органдары

Петропавлда Қазастан халқы тілдерінің XVII фестивалі өтті

Қаз қатар тізілген дастархандардан қазақ халқының бесбармағын, өзбек ұлтының палауын, орыстардың нанын байқауға болады. Ал, Тайынша аудандық ішкі істер басқармасының мамандары поляк ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін көрсетпек.

Мираз Сәдуақасов – Тайынша аудандық ІІБ полицияның учаскелік инспекторы:

-Фестивальға екі ай дайындалдық. Елімізде өзге ұлт өкілдері арасында татулық, бірлік болуы қажет.

Біздің өңірдің ішкі істер орындарында 16 ұлттың өкілдері қызмет етеді. Олар өздерінің жұмыстарында білікті ғана емес сондай ақ, өнерлі де. Құқық қорғау саласының қызметкерлері мерекеде ән айтып, би биледі.

Шараға жиналғандар мен қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

Анархан Дүйсенова-облыс әкімінің орынбасары:

-Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқандықтан еліміздеге халықтар тату болуы қажет. Өйткені, ынтымағы мықты ел озады.

Құттықтау сөзден кейін облыс әкімінің орынбасары Қазақстан халқы тілдерінің XVII фестивалі жүлдегерлерін марапаттады. Еске сала кетсек шара облыстық деңгейде өткен болатын. Қорытынды кезеңнің көрсеткіші бойынша тайыншалықтар үшінші орынға ие болды. Ал, Петропавл қалалық ІІБ екінші атанса, фестивальда бірінші орынды Мамлют ауданының тәртіп сақшылары жеңіп алды.

Мұрат Қожаев – Мамлют аудандық ІІБ бастығының орынбасары:

-Біз фестивальда украин ұлтының дәстүрін көрсеттік. Олардың ұлттық киімдерін киіп, украин тілінде ән салдық. Жалпы шараға екі ай дайындалдық. Жеңісімізге қуаныштымыз.

Сондай ақ, сахнада құқық қорғау саласына қосқан сүбелі үлестері үшін бірқатар азаматтар ішкі істер министрлігінің медальі және облыстық ведомства басшысының грамотасына ие болды.

Салтанатты шара барысында “Біздің отбасымыз” атты шығармалар байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Айта кеткен жөн, шара құқық қорғау саласында қызмет ететін әскерилердің балалары арасында өткен болатын. Мұнда 7 жастағы Ғауһар Маратова үздік атанды. Бүлдіршін өзінің еңбегінде ата-анасының жұмысымен отбасындағы аға-інілері жайлы жазыпты.

 

Култанов Байболат