Аптадағы маңызды жаңалықтар

«ҚазТехМаш» зауытының өнімі аграгрийлер сұранысына ие

Қазіргі уақытта өңір аграрийлерінің сұранысына ие болған комбайн алтын дәнді ысырапсыз теріп алуда теңдесіз болып отыр. Шаруа қожалықтарының тапсырысы бойынша егін жинау қызметін көрсететін “Солтүстік Ақжар МТС” серіктестігі өз жұмысында дәл осы “Сампо Азия” комбайндарын пайдалануда. Кәсіпорында қазір мұндай 5 тың техника бар.

Данияр Сыздықов – “Солтүстік Ақжар МТС” ЖШС директоры:

-Биыл облыс әкімінің тапсырмасы бойынша “Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ-ы базасында “Солтүстік Ақжар МТС” ЖШС құрылды. Аталмыш кәсіпорынның негізгі міндеті – ауыл шаруашылығы құрылымдарына қызмет көрсету. Қазір біз Қызылжар ауданындағы “БАТ” шаруа қожалығының жерінде жұмыс істеп жатырмыз. Ондағы егіс алқабы 177 гектарды құрайды. 4-5 сағаттың ішінде 80 гектары шабылды. Ауа райы оң қабақ танытса жұмыстың барлығын бүгін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Әскер Молдабаев “Солтүстік Ақжар МТС” кәсіпорнында 5 жылдан бері механизатор болып еңбек етеді. Тегеурінді техниканы тізгіндегелі бері егісті жинау науқаны біршама жеңілдей түсті дейді. Жергілікті «ҚазТехМаш» зауытында шығарылған жаңа «Сампо азия» комбайны шетелдік «Джон Дир», «Класс» сынды машиналардан ешбір кем емес.

Әскер Молдабаев – “Солтүстік Ақжар МТС” ЖШС механизаторы:

-Біріншіден, комбайн ыңғайлы, жанар-жағармайды аз жұмсайды. Бункерінің көлемі – 8,2 текше метр. Жаңа заманауи шетелдік техникалардан еш қалыспайды. Бұған дейін де басқа машиналарда отырғанмын, салыстыруға мүлдем келмейді. Соның арқасында қазір шаруамызды жылдам тындырудамыз.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында алғашқы комбайнын шығарған «ҚазТехМаш» зауыты бүгінде 24 техника жасаған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 45-ке дейін жеткізуді межелеуде.

 

Риат Шони