Мәдениет

Бір ел – бір кітап

Дәл қазір СҚМУ тіл және әдебиет институты қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Жазира Көкбас трилогиядан үзінділер келтіріп, Әбілхайыр ханның монологын оқып жатыр. Оқытушы бүгінгі жастардың тарихи кітаптарды оқуға қызығушылы мол дейді.

Жазира Көкбас, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ тіл және әдебиет институты қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы:

-Университетте арнайы “Қазіргі әдебиет” пәні жүргізіледі. Бұл сабақта студенттер қазақ жазушыларының кітаптарын оқиды.

Айту керек, елімізде «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналған. Осы шараның аясында бір кітап таңдалып, оны барлық ел тұрғындары оқуы керек. Алдымыздағы қазан айында жазушы Ілияс Есенберлинның туғанына 100 жыл толады. Осы орайда Қазақстандықтар биыл “Көшпенділерді” оқуға көшкен.

Майра Әшімова, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы:

-Акция аясында түрлі шаралар өтті. Бүгінгі кеш соның қорытындысы деп айтуға болады.

Үш бөлімнен тұратын шығарма – қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдырын қамтыған. Осынау тарихты кітап жайлы Зиялы қауым өкілдерінің баяндамаларын жиналған жастар зейін сала тыңдауда.

-Үлкен залда ғылыми тәжірибелік конференция жалғасуда. Ал, мына бөлмеде С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды драма театрының әртістері хан Абылай жайлы тарихи қойылымның дайындығын жүргізіп жатыр.

Өз кейіпкерін аша түсу үшін әртістер бет-жүзін әрлеу үстінде. Олар бүгінгі кешке “Абылай” көрінісін дайындап келген. Қойылымда қазақтың үш биі мен Ресейден келген генерал губернатор Урусов суреттеледі. Олар Орта жүздің сұлтаны Абылайды ақ кілемге көтеріп хан сайлайды. Бұл жайлы “Көшпенділер трилогиясындағы” Жанталас романында кеңінен жазылған. Мұндағы кесек тұлға Абылайдың рөлін – С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды драма театрының жас әртісі Дулат Тәшкен сомдайды.

Дулат Тәшкен,С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды- драма театрының әртісі:

-Маған Абылайдың рөлі бұйырғанына қуаныштымын. Өр денелі, батыр, батыл, кесек тұлғаның рөлін сомдап шығу қиынға соқты.

“Алтын орда”, “Маңғыстау майданы”, “Жан сырым” және “Көшпенділер. Ілияс Есенберлиннің бұл кітаптарының барлығы мына көрмеден орын тепкен.

 

Акбопе Танирберген