Балалар

Биыл Петропавлдағы “Жас геолог мектебі” үйірмесіне 10 жыл толды

Владимир Ягодкин, “Жас геолог мектебі” үйірмесінің жетекшісі:

-Биыл үйірменің құрылғанына 10 жыл тоды. Осы мерзім аралығында ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл біз үшін ерекше жыл болды. Оқушылар 4 экспедицияға қатысты. Семей, Орал қалалары мен Ақмола облысындағы кен орындары және мұражайларды араладық. Онда оқушылар әлемде сирек кездесетін минералдармен танысты.

Түрлі тастар мен пайдалы минералдардың қыр-сырын білетін білікті маман бүгінде зейнет жасына шықса да өз ісінен қол үзбек емес. Өскелең ұрпақты жылда жазғы геологиялық тәжірибеге шығарып, жұмбағы мол салаға қызығушылығын арттырып келеді. Үстелдегі мына заттарды олар еліміздің әр түкпірінде орналасқан кен орындарынан тапқан. Бүгінде карьерлерден қазып алынған дүниелердің саны 2 мыңға жетеді. Оның ішінде әлемде сирек кездесетін тастар бар.

Диана Орлова, үйірмеге қатысушы:

 

-Мәселен, мын көгілдір түсті асыл тастан көбінесе әшекей бұйымдарын жасайды. Одан бөлек биыл біз Қарағанды кен орындарында диоптаз минералына кезіктік. Сирек тас Африка мен Қазақстанда ғана кездеседі. Минералды 250 жыл бұрын Бұхар деген ғалым тапқан. Диоптазды металлургия, электротехника салаларында пайдаланады.

Сондай-ақ, биыл жерлестеріміз республикалық жас геологтар олимпиадасына қатыспақшы.

Берик Касен