МТРА жаңалықтары

Ұлттық Қызыл жарты ай қоғамының облыстық филиалының белсенділері марапатталды

Зәуре Қартова – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ тарих және заң факультетінің деканы:

-Біздің студенттер жиі қан тапсырады. Биылғы жылы біз студенттермен өңіріміздің барлық ауданында болып, жастармен сол жердегі халыққа Қызыл Ай қоғамы жайлы трениг-сабақтарын өткіздік.

Жалпы біздің облыс қайырымдылық көмек көрсету бойынша елімізде алдыңғылардың қатарында. Оған дәлел ретінде 2014 жылы өткен республикалық байқауда өңірлік Қызыл жарты ай қоғамдық филиалы үздік атанған.

Елена Ким – ҚР Ұлттық “Қызыл жарты ай” қоғамының бас директоры, Алматы қаласы:

-Солтүстік Қазақстан облысы әрдайым көмек қолын созудан аянбайды. Осыдан ақ сіздердегі ұйымшылдықты байқауға болады. Өңірлеріңіздегі 247 отбасы 26 милионның жәрдемақысын алады. Бұл – өте жақсы көрсеткіш.

Айта кеткен жөн, мейірімді жерлестеріміздің арқасында украиналық 15 босқынға материалдық көмек көрсетілген. Сондай-ақ, теріскейлік азаматтар биыл еліміздің Қарағанды және Алматы облыстарында сел апатынан зардап шеккен тұрғындарға көмек қолын созған.

 

 

Култанов Байболат