Денсаулық сақтау

Облыстық перинаталдық орталықта жаңа қондырғылар жұмыс істеуде

Сәкен Әмрин – Облыстық перинаталдық орталығының бөлімше меңгерушісінің міндетін атқарушы:

-Төсектер Финляндия елінде жасалған. Олардың әйел адамға босану кезінде көп көмегі тиеді. Барлық тетіктер электронды түрде басқарылады. Біз қажет болған жағдайда аппаратты 1,5 жарым метр төмен түсіріп, жарты метр көкке көтере аламыз. Жақтаулары да жас ана үшін ыңғайлы. Дәрігерлер де өз жұмысын атқарған кезде бұрынғыдай қиындық көрмейді.

Ал, мына қондырғы сәбиді дүниеге жеңіл әдіспен әкелу үшін арналып жасалған. Осыдан бірнеше жыл бұрын акушерлер жас ананың ауыр босануы кезінде баланы арнайы сымдар арқылы тартып алса, қазір вакуумдық жабдықтың арқасында оңай түрде тууылуына септеседі. Сонымен қатар, перинаталды орталыққа жуырда мына қондырғы да алынған. Бразилияда жасалған технология дүниеге келген шарананың дене температурасын бір қалыпты ұстауға көмектеседі.

Наталья Семенова – Облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

-Біз жақында жаңа туылған балаға арналып жасалған 6 бірдей ашық қондырғы алдық. Олардың артықшылығы жас сәбидің дене температурасын туылған сәттен бастап бір қалыпта ұстайды. Ол жерде шарана өзін жақсы сезінеді. Егер де бала ауырып қалса, қондырғының ішінде-ақ дәрігерлер алғашқы көмек жасайды.

Өткен тәуліктің өзінде облыстық перинаталдық орталықтың босану бөлімшесінде осы жаңа қондырғылардың арқасында 70 бала аман-есен дүние есігін ашқан.

 

Култанов Байболат