Денсаулық сақтау

Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына тегін психологиялық көмек көрсетіледі

Айым Досжанова – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:

-Онлайн-қолдау қызметінің негізгі мақсаты – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға психологиялық қолдау көрсету, отбасындағы қолайлы әлеуметтік-психологиялық климатты қалыптастыру.

Көрсетілетін қызметтердің барлығы тегін және оны үйден шықпай-ақ алуға болады. Ол үшін тек қана ғаламторға шығу мүмкіндігі мен “skype” бағдарламасы қажет. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 28 580 мүгедек жан тұрады. Әзірге, олардың бірде-біреуі онлайн қолдау қызметін пайдаланбаған.

Айым Досжанова – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы:

-Мамандардың кеңесін алуға өтініш тәулік бойы 1411 телефон нөмірі бойынша қабылданады. Онлайн-қолдау қызметі жайында толық ақпаратты тұрғылықты мекен жай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан немесе университеттің электронды мекен жайына хабарласу арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, 1411 телефон нөмірі бойынша жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, зейнетақымен қамсыздандыру және де әлеуметтік кепілдіктер жайлы ақпарат алуға болады.

 

Риат Шони