МТРА жаңалықтары

Тәртіптік кеңестің кезекті отырысы өтті

Юрий Портнягин, Булаев қаласы әкімінің орынбасары, М.Жұмабаев ауданы:

-Балалар алаңқайын “Ластавец” жеке кәсіпкерлігі салған болатын. Мен шаруашылық басшысына олқылықты жою керектігін айттым. Бірақ, ол бас тартты. Қазір оның ісін ауданаралық сотқа бердік.

М.Жұмабаев аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Сергей Жигаев та жұмысына үстіртін қарап, бір сауықтыру лагері мен үш бардың қожайындарына рұқсат қағазын ұстата салған. Негізінде, ол нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сай емес болған.

Самат Темірбаев, СҚО прокурорының көмекшісі:

-Булаев қаласында бір кәсіпкер дүкенін заңсыз барға айналдырып алған. Тексеріс барысында онда тәулік бойы ішімдік сатылғандығы анықталды.

М.Жұмабаев аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Сергей Жигаев бұдан хабарсыз болдым дейді.

Сергей Жигаев, М.Жұмабаев аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы:

-Мен кінәмді мойындаймын. Қағазды дұрыс оқып шықпай қол қоя салдым. Біз ол мекемелерді тексергенде бәрі дұрыс болатын.

Тәртіптік кеңес мүшелері М.Жұмабаев аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы мен бас маманын
қызметінен босату туралы ұсыныс жасады. Жалпы кеңесте барлығы 8 тәртіптік іс қаралды.

 

 

Берик Касен