Құқық қорғау органдары

“Балалар – түнгі қалада” жедел-алдын алу шарасы аяқталды

Полицейлер жасөспірім қызды дереу үйіне апарып әке-шешесінің қолына тапсырды. Нәзікжандының бұрын да осыған ұқсас құқықбұзушылық жасағанына байланысты ата-анасының атына хаттама толтырылды. Егер бір жылдың ішінде бұл жағдай тағы да қайталанса
заң бойынша 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалатын болады.

Эльмира Абушева – Петропавл қалалық ІІБ ювеналдық полиция инспекторы:

-Рейд нәтижесінде кәмелетке толмаған қыз баланың түнгі уақытта заңды тұлғалардың ертуінсіз көше кезіп жүргені анықталды. Оның ата-анасына ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 442-бабы бойынша хаттама толтырылды. Енді бұл құжат процессуалдық шешім шығару үшін сотқа жіберіледі.

Жалпы өңірде жедел-алдын алу шарасы басталғалы кәмелетке толмаған 216 бала облыстық ішкі істер органдарына жеткізілген. Оның 102-сі әкімшілік құқық бұзған. Жалпы, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәлімдеуінше есепке алынған 70 жасөспірімнің 59-ы аз қамтылған отбасылардан шыққан.

Рашида Тілеубаева – Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы:

 

-Аталған шараға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға мемлекеттік орган қызметкерлері де қатысуда. Олардың қатарында білім бөлімі, әр түрлі мемелекеттік органдар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия өкілдері бар.

Мұндай жедел-алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Акбопе Танирберген