Мәдениет

Петропавлда ретро-кеш өтті

Наталья Чорба, ретро кешін ұйымдастырушы:

-Біздің қаламызда көптеген тұрғындар көңіл көтеретін кештердің жиі болмайтынын айтып шағымданып жатады. Сондықтан, біз отбасылық және ғашық жұптарға арнап бүгінгі қызықты әрі көңілді кешті ұйымдастыруды ұйғардық. Бірнеше ойындар ойнатып, баяу биден шеберлік сыныбы да өткізілуде.

Кеште ретро әндер мен оларды орындаушылардың есімін табудан да сайыстар ұйымдастырылды. Дұрыс жауабын айтқан жандарға міндетті түрде сыйлықтар берілді. Одан бөлек отбасылық жұптар би-билеп сынға түсті. Осылайша, көңілдерін бір көтеріп қалған тұрғындар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп жатты.

 

Акбопе Танирберген