Қоғам

Жыл соңына дейін Петропавлдағы баспаналарға 304 жылу есептегіш құрылғысы орнатылуы тиіс

Бұл жолы қалалық әкімдік өкілдері, “Петропавл жылу желілері” серіктестігі және “СевКазЭнергоСбыт” компаниясының әкімшілігінен жасақталған делегаттар Бөкетөв, Алтынсарин, Интернационал, Амангелді көшелері бойындағы баспана иелерімен кездесіп, жиын өткізді. Онда жылу есептегіш құрылғысы орнатылған үйлер мысалға келтірілді.

Виктор Кремппа, “Удача 2” ПИК төрағасы:

-Жылу есептегіш құрылғысын орнатпасаңыздар бұл Петропавл жылу желілеріне тиімді. Олар сіздерден далаға кеткен артық жылу үшін ақша алатын болады. Егер қондырғыны орнатсаңыздар жылудың есебі болды.

Бәрі де тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен тұрмысының жайлылығы үшін жасалып жатқан қам-қарекет. Алайда мұны бәрі түсіне бермейді дейді осы жиынға қатысушылардың бірі.

Бөгенбай Мұсылманбеков, Бөкетов көшесі, 60-үйдің тұрғыны:

-Есеп құралын қойған дұрыс. Оның пайдасы бар. Тұрғындар әр түрлі пікірлер айтып жатыр. Бірақ шынына келгенде бәрі көнеді ғой. Қриялар бұған сенбейді. Бірақ біз көпті білген соң бұған қарсылығымыз жоқ.

Тамара Пашкова, “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директорының орынбасары:

-Елбасы тапсырмасына сәйкес, келесі жылдың соңына дейін
537 көпқабатты үйге жылу есептегіш құралдары орнатылуы тиіс. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 386 млн. тг. Бөлінді.

Тұтынушылардың біразы жылу есептегіш құралғысын орнатпас бұрын ескі құбырларды алмастырып, жыртық-жамау есік, терезелер мен жер төлені қалыпқа келтіріп алған жөн дейді.

Лидия Бултачеева, тұтынушы:

-Жер төледегі құбырлардан жиі ақау шығады. Монополистердің айтуынша жылу есептегіш құрылғыны орнату үшін жер төленің іші құрғақ болу керек.

Автоматты жылу реттегіш қондырғының артықшылығы көп. Қақаған аязда жылу артық берілсе немесе күн жылынғанда тұрғындардың өздері жылу мөлшерін кеміте алады. Осылайша температураны бір қалыпта ұстауға болады. Бұл халықтың қалтасын есепсіз қағудан сақтауы тиіс.

Тамара Пашкова, “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директорының орынбасары:

-Құрылғыға модем орнатылған. Сол арқылы жылу сапасы мен оған төленетін ақы белгілі болады. Есесіне тұрғындар бұрынғыға қарағанда жылуға 2 есе аз төлейтін болады. Жабдықтардың бағасы қымбат емес. 500-600 мың теңге. Екі жылу маусымында жабдықтың шығыны өтеледі.

Үй тұрғындары қондырғының ақысын 4 жылдың ішінде бөліп төлейді. Оның ақаусыз жұмыс істеуіне 4 жыл кепілдік беріледі. Одан кейін құрылғы мемлекеттік тексерістен өтіп, тұрғын үй иелерінің меншігіне өтеді.

Берик Касен