МТРА жаңалықтары

СҚО “Әрқашан жаныңнан табылатын жандар үшін” атты бағдарлама таныстырылды

Елена Колмогорова – «АДОН-Север» ҚҚ төрайымы, Петропавл қаласы:

– Бұл бағдарлама аясында еліміздің 4 шаһары бірлесіп жұмыс жасайды. Мақсатымыз қалаларда мүгедектердің туыстарының қатысуымен мониторинг жүргізіп, ақпараттық қағаздар тарату, сауалнама жүргізу. Және ол мәліметтерді Парламент депутаттарына ұсыну. Негізі сұхбат жүргізу кезінде қамқоршыларға жеке уақыттың бар-жоқтығы және жұмыс істейтін мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойЫлды. Нәтижесінде респонденттердің 70 пайызы “жоқ” деген жауап қатты.

Енді бұл мәліметтер жақында Парламент депутаттарына жария етілмек. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары дәл осы ақпараттың көмегімен халық қалаулылары мүгедектердің құқығын қорғайтын заңнамаға оң өзгерістер енгізеді деген үмітте. Мәселен, 18 жастан асқан әлеуметтік әлжуаз топтағы жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін ақшалай көмек артса екен дейді «Радуга» қоғамдық қорының президенті Наталья Колоскова.

Наталья Колоскова – «Радуга» ҚҚ президенті, Қостанай қаласы:

– Қазақстанда 600 мыңнан астам мүгедек бар. Ол жандардың қасында үнемі біреулер болады. Көбіне, ата-аналары, аға-әпкелері. Бұл жоба дәл осы қамқоршыларға арналған. Кембағал баланы бағып отырғандардың көбі – жұмыстан өз еріктерімен шығып кеткендер. Өйткені, бұл солай істеуге мәжбүрліктен туындаған жағдай. Біздің мақсатымыз – отбасында мүгедек жандары бар адамдарды ақпараттандырып, жобаны таныстыру.

«Әрқашан жаныңнан табылатын жандар үшін» атты бағдарламаның көздегені мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың қамқоршылары туралы мәлімет жинап, тиісті заңнамаларға қандай да бір өзгеріс енгізуге ықпал ету. Айту керек, бұл жоба елімізде келесі жылдың тамызына дейін жалғаспақ.

 

 

Айгерим Ержанова