Спорт

“Қызыл-Жар СК” ФК жанкүйерлермен кездесу өткізді

Бірінші лигада өнер көрсетіп жатқан жерлестеріміз алғашқы айналымда айды аспанға шығарып, турнирлік кестеде бірінші орынға тұрақтап аяқтаған болатын. Алайда соңғы кезде команда ойыншылары бұрынғы қалыптарын жоғалтып, кездесулерде қажетті ұпайларды ала алмауда. Бұның себебін жанкүйерлерге “Қызыл-Жар СК” ФК бас бапкері Валдимир Фомичев түсіндірді.

Владимир Фомичев – “Қызыл-Жар СК” ФК бас бапкері:

– Сәтсіздіктердің бірнеше себебі бар. Алғашқысы ол команда ойыншылары аустсайдерлердің қатарында келе жатқан, Байқоңыр, ЦСКА сынды қарсыластарға негізгі құрамсыз-ақ ойнауды жөн санауы. Келесісі ол қаржыландыру мәселесі. Футболшылардың кейбірі 4 айлап жалақысыз отыр. Қаржыландыру шілде айының басында тоқтатылған болатын. Ойыншыларда жеңіске деген жігер де қалған жоқ.

Команданы қаржыландыруды тоқтады дегенді естіген дүйім жұрт наразылық туғызды. Әрине, мақсат қойып мұндай тапсырмаларды демеушілерсіз шешу қиын. Жалпы жергілікті клубтың биылғы бюджеті 273 млн. теңге. Қазір команда бұл соманың 180 млн теңгесін игеріпті.

Руслан Есеналин – СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Қаржыландыруға келетін болсақ. Бұнда облыстық бюджеттен командаға 173 млн теңге қарастырылған. Қазір оның 160 млн теңгесі берілді. Ал қосымша демеушілер тарапынан 100 млн теңге бөлінуі тиіс, қазір оның тек 20 млны ғана төленген.

Естеріңізге сала кетейік “Қызыл-Жар СК” командасы бірінші лига аясында 31 ұпаймен 6-шы орынға жайғасқан. Өз алаңымызда өткізілген екі матчта жерлестіріміз тең түскен болатын.

Роман Нестеренко – “Қызыл-Жар СК” ФК капитаны:

– Өздеріңіз естігендей қазір халіміз нашар. Дегенменде тапсырма біреу – ол Премьер-лигаға жолдама алу. Сол себепті де біз еш аянбай сол мақсатымызға жетуге тырысамыз. Қазір қаржыландыру мәселесі бәсеңдеп қалды. Әрине біз бұл үшін сотқа да бере аламыз. Бірақ оны әлі ешкім жасаған жоқ, және жасамайды да. Ең алдымен жүктелген міндетті орындау қажет.

Ал “Қызыл-Жар СК” командасының келесі ойыны Қарасай стадионында қыркүйектің 19-ы күні өтеді. Онда солтүстікқазақстандықтар өскемендік Востокпен күш сынасады.

 

Риат Шони