МТРА жаңалықтары

“Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС жыл соңына дейін өндіріс көлемін арттырмақ ниетте

Александр Кондратов – “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС бас директоры:

– Өндірілген өнімнің 850 млн теңгесін біз ел нарығында саудаладық. Атап айтатын болсақ, Қарағанды, Астана сонымен қатар күнгей Шымкенттің өзіне құбырларды саттық. Ал темір-бетондық бұйымдардан біз биыл шамамен 1,5 млрд теңге кіріс әкелмеді. Өйткені көпшілік тауарларды көршілес Ресейден импорттады.

Еліміз қандай қиын қыстау шақты өткергенімен кәсіпорын жұмысы тұралап қалған жоқ. Керісінше дамудың даңғыл жолына түскен. Бүгінде серіктестікте полиэтилен құбырларымен қатар темір-бетондық бұйымдар шығарылады. Соңғысын әзірлеуге 120 адам еңбектенеді екен. “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС бас директоры Александр Кондратовтың айтуынша елімізде валютаға байланысты орын алған өзгеріс өте тиімді шешім. Өтйкені ресейлік рубль құлдырағанда қазақстандықтар астына қос-қос көлік пен түрлі құрылыс материалдарын сатып алған. Сол себепті мемлекетіміздің экономикасын бәсеңдетіп, көршілес елдікін көтеріп бердік дейді.

Александр Кондратов – “Петропавл құрылыс материалдары зауыты” ЖШС бас директоры:

– Теңге бағамының еркіндікке жіберілгенінен мен ешқандай қауптің төніп тұрғанын көріп тұрған жоқпын. Керісінше кәсіпкерлердің ісі өрге басады. Отандық тауарға деген сұраныс артады. Иә, кейбір тұтыныстағы тауарлардың бағасы өсуі мүмкін. Дегенменде мен еліміздің долларлықтан бас тартқанын қалаймын. Өйткені барлық жалақылар мен зейнетақыларды біз ұлттық валютамен аламыз ғой. Ал жылжымайтын мүлікті жұртышылық ел ішінде болса да американдық валютамен есептейді. Ол дұрыс емес.

Кәсіпорын басшысы Александр Кондратов еліміз басынан кешіп келе жатқан осы

 

Риат Шони