Қоғам

Қонақ үй саласының мамандары 3 күндік семинарда бас қосты

Анна Бойцова – «Нептун» аквапаркінің аға әкімгері:

– Мұндай шаралар біздер үшін жиі болып тұрса жақсы болар еді. Көптеген жаңашылдықтарды үйрендік. Енді оларды өзімізде енгізу жоспарда бар. Оның үстіне семинар тегін өткізілуде. Осылайша астаналық мамандардың дәрісі қолжетімді болып отыр әрі қызықты.

Семинар барысында демалыс орындарының қызметкерлері лекция тыңдап, практикалық тапсырмалар орындады.

Мариам Әбішева – «Kazakhstan Innovations» ҚҚ басқарма төрайымы:

– Бірінші күні бізде басшылар мен топ-менеджерлер білім алды. Олар көбіне заңнамаларды орындау сақтау және Қазақстанда қонақүй саласын дамыту жайын талқылады. Себебі, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет. Екінші күні түске дейін даяшылар, түстен кейін аспаздар біліктілігін арттырды. Оларға лекциямен қатар практикалық тапсырмалар берілді. 3-ші күні еден жуушылар теория мен практиканы қатар ұштастырды. Мұндай семинарлар еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп жатқан жоқ. Бірақ, керек-ақ. Өйткені, көп өңірлердегі демалыс орындарының қызметкерлері көп тілді білудің маңыздылығынан хабарсыз.

Үш күндік семинар тегін ұйымдастырылды. Жиынды өткізуге облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мұрындық болған.

 

 

Магжан Ахмадина