Қоғам

“Жетім көрсең жебей жүр”

Виктория Магамбетова – Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушісі:

– Есте қаларлықтай кездесу, өзімнің көңілімнен шықты. Осылай біздерге жиі келіп, жағдайымызды сұрастырып тұрса жақсы болар еді. Менің осы балалар үйінде тұрып жатқанына 3 жылдай болды.

“Жетім көрсең, жебей жүр” деген нақыл сөзді ұстанған бойжеткендер өмірдің қиындығына тап болған балаларға көңіл бөліп, жәрдемдесуді азаматтық парыз деп біледі.

Жамал Қожыбаева – “Петропавл аруы 2015” аймақтық байқауының қатысушысы:

– Біз кішкентай балаларға ойыншықтар мен түрлі-түсті шарлар әкелдік. Балалармен тілдестік.

Облыстан “Петропавл аруы 2015” өңірлік байқауына қатысуға барлығы 40 бойжеткен тілек білдірген екен. Алайда, іріктеу сынынан тек 15 ару мүдірмей өтіпті. Енді осы 15 бойжеткеннің арасынан жеңіске жеткен үміткер жыл соңында облыс намысын республикалық сұлулық сайысында қорғайтын болады. Өңірлік байқау қазан айының 10-да өтеді деп күтілуде.

 

 

Бакыт Садуакасов