Білім

Өзге ұлт өкілдері арасында “Тіл – парасат” байқауы өтті”

Евгения Шаляпина, Дарын мектеп-лицейінің орыс тілі пәні мұғалімі:

 

– Мемлкеттік тілді бала күнімнен үйрене бастадым. Көптеген тіл байқауларына қатысып жүлделі орындарды иемденіп жүрмын.

Байқау шарттарына сай 14-22 жас аралығындағы қатысушылар слайд көмегімен өздерін таныстыру үстінде. Бұдан соң олардың алдында берілген тақырыпқа 30 минут ішінде эссе жазу кезегі тұр. Ал, үшінші аталымда қазақ әндерін айтып, ұлттық билерін ортаға салуы шарт. Жалпы ұйымдастырушылардың айтуынша, өзге ұлт жастарының арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп келе жатқан көрінеді.

Алтынай Сыздықова, Петропавл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

– Байқауға қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Жалпы мұндай конкурстардың мақсаты – өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыружәне тілдің мәртебесі мен маңыздылығын насихаттау.

Қалалық “Тіл-Парасат” байқауының жеңімпазы қыркүйектің 19-да өтетін облыстық байқауда бағын сынайды.

 

Акбопе Танирберген