МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында есепшілерге арналған 8 сағаттық оқыту семинары өтті

Оксана Солонарь – Экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, Тайынша ауданы:

– Менің бұл салада жүргеніме 10 жылдан астам уақыт болды. Жұмысымыз тікелей сандармен байланысты. Сондықтан кей уақытта қателіктер болып тұрады. Әсіресе, жаңа келген жас мамандар бұл олқылыққа жол беретіндері бар. Ал дәл бүгінгідей іс-шаралардың көмегімен олар біраз шыңдалады. Тәжірибелері мол мамандармен кездесіп, пікір алмасады. Құжатта сандық қателіктер жібермеуге тырысады.

Семинарға 200-ден астам бухгалтер жиналған. Олар көп жылғы еңбек өтілі бар есепші Ольга Куприенконың қызықты сабағын ұйып тыңдауда. Кейбірі,тіпті, білікті маманның әр айтқан сөзін қағазға түртіп отыр. Есепші мамандығын игерген жандарға облыстық қайта даярлау аймақтық орталығының оқытушысы мемлекеттік сатып алу заңнамасы мен бюджеттік кодексті ұстану тақырыбын әңгімеледі.

Ольга Куприенко – СҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау аймақтық орталығының оқытушыс:

– Бүгін біз есепшілер жіберетін қателіктер төңірегінде әңгімелесеміз. Әсіресе, мемлекеттік сатып алуға қатысты. Сол себепті тоқсан сайын бухгалтерлерге арналған семинар жүргіземіз. Сәйкесінше, бұл жиындар өз нәтижесін беруде. Бүгінде олардың тарапынан жіберілетін қателіктер саны азаюда.

Жалпы облысымызда 8 сағатқа созылатын семинар осымен 3 жыл қатарынан ұймдастырылды.

 

 

Айгерим Ержанова