МТРА жаңалықтары

Жеке тұрғын үйдегі жылыту пешінен орын алатын өрт оқиғалары тыйылмай тұр

Біржан Кәрімов – СҚО ТЖД алдын алу және бақылау басқармасының басшысы:

– Талдау көрсетіп отырғандай, өрт оқиғаларының дені осы жеке тұрғын үй секторында орын алуда. Өйткені, мұндай баспаналарда тұрмысы төмен отбасылар мен қарт адамдар тұрады. Ондай азаматтар пешті жағуда қарапайым сақтық ережелерін орындамай жатады. Осы жәйттерді ескере келе біздің қызметкерлер тұрғындарға қала мен облыс аудандарында пешті дұрыс қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алды.

Жиында сондай-ақ автокөліктің отқа орануының алдын алу жайы да айтылды. Биыл облыс аумағында мұндай 63 оқиға тіркелген. Адам шығыны жоқ. Ал материиалдық залалдың көлемі 20 миллион теңгеден асып жығылады. Осындай келеңсіз жағдайдың алдын алу мақсатында өрт сөндіру қызметкерлері көлік тізгіндейтін жерлестерімізге бірнеше кеңестерін ұсынды.

Біржан Кәрімов – СҚО ТЖД алдын алу және бақылау басқармасының басшысы:

– Автокөлікте кез келген уақытта өрт орын алуы мүмкін. Сол себепті, темір тұлпар иелері өз автокөлігінде жанармай багі мен қозғалтқыш сымдарын жиі тексеріп тұруы қажет. От тұтанған жағдайда бірден өрт сөндірушілерге хабарласу қажет.

Қазірде облыста күзгі орақ науқаны қызу жүруде. Далада жұмыс істеп жүрген техника көп. Сол себепті, түрлі ақаулардың салдарынан олар да өртке орануы мүмкін. Биыл күзгі жиын-терім кезінде 3 ауыл шаруашылығы техникасы отқа оранған.

 

 

Бакыт Садуакасов