Бизнес және экономика

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында салықты көтеру мәселесі қаралды

Жеңіс Қазиев – СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

 

– Бүгінде бұл мәселе бүкіл кәсіпкерлерді алаңдатуда. Өйткені, салықтың өсуі олардың барлығына бірдей әсер ететіні сөзсіз. Егер аталған өзгеріс қабылданатын болса, онда шағын және орта бизнестің салық жүктемесі 2-3 есеге артады.

Осы ретте жергілікті кәсіпкерлер өз пікірлерін білдірді. Бұл өзгеріс бизнесті дамытпай, керісінше артқа тартады дейді өңірдің іскер азаматтары.

Екпін Әбиев – «Екпін» ЖШС директоры:

– Біз қорқамыз. Ертең көбі жабылып қалу мүмкін. Ал көбі көлеңкелі экономикаға кетіп қалуы мүмкін. Өйткені, үстінен қосылған қосымша мен біздің сатудан қосқан 5 пайызымыз бизнесті құртып жіберуі мүмкін ғой. Егер оның қосқан қосымшасы 3 тен 7 пайыз болса, оның 5 пайызын кассалық аппарат арқылы үкімет алады, 3 пайызын екінші деңгейлі банк алады. Сонда бізге не қалады? -1 процент па?

Наталья Алексеева – «Содель» бухгалтерлік фирмасы» ЖШС директоры:

– Менің кәсіпкерлікпен айналысқаныма 11 жыл болды. Бірақ, қазір жағдайымыз мүшкіл. Жұмысшыларға жалақы төлей алмай отырмыз. Енді салықты өсірсе, тіптен қиынға түседі. Бұл кәсіпорындарға ауыр тиетіні сөзсіз. Әрі олардың біразы бұл сынақтан өте алмай жабылып қалуы да мүмкін.

Осыған қатысты Үкіметтің заңнамалық жаңарту пакеті бүгінде Парламенттің қарауында жатыр.

 

Айгерим Ержанова Бүгін Қазақстанның бірнеше қалаларының кәсіпкерлері мен депутаттары Ұлттық экономика және қаржы министрлігінің өкілдерімен селекторлық байланысқа шығып, аймақтардағы бизнес саласына қатысты маңызды мәселені талқыға салуда. Басты тақырып бизнес өкілдеріне салықты 5 пайызға арттыруға қатысты. Аталған жаңашылдық тиісті заңнамаға 2016-2017 жылдары енгізіледі деп күтілуде.

Жеңіс Қазиев – СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

– Бүгінде бұл мәселе бүкіл кәсіпкерлерді алаңдатуда. Өйткені, салықтың өсуі олардың барлығына бірдей әсер ететіні сөзсіз. Егер аталған өзгеріс қабылданатын болса, онда шағын және орта бизнестің салық жүктемесі 2-3 есеге артады.

Осы ретте жергілікті кәсіпкерлер өз пікірлерін білдірді. Бұл өзгеріс бизнесті дамытпай, керісінше артқа тартады дейді өңірдің іскер азаматтары.

Екпін Әбиев – «Екпін» ЖШС директоры:

– Біз қорқамыз. Ертең көбі жабылып қалу мүмкін. Ал көбі көлеңкелі экономикаға кетіп қалуы мүмкін. Өйткені, үстінен қосылған қосымша мен біздің сатудан қосқан 5 пайызымыз бизнесті құртып жіберуі мүмкін ғой. Егер оның қосқан қосымшасы 3 тен 7 пайыз болса, оның 5 пайызын кассалық аппарат арқылы үкімет алады, 3 пайызын екінші деңгейлі банк алады. Сонда бізге не қалады? -1 процент па?

Наталья Алексеева – «Содель» бухгалтерлік фирмасы» ЖШС директоры:

– Менің кәсіпкерлікпен айналысқаныма 11 жыл болды. Бірақ, қазір жағдайымыз мүшкіл. Жұмысшыларға жалақы төлей алмай отырмыз. Енді салықты өсірсе, тіптен қиынға түседі. Бұл кәсіпорындарға ауыр тиетіні сөзсіз. Әрі олардың біразы бұл сынақтан өте алмай жабылып қалуы да мүмкін.

Осыған қатысты Үкіметтің заңнамалық жаңарту пакеті бүгінде Парламенттің қарауында жатыр.

Айгерим Ержанова