Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Қауіпсіз жол” акциясы өтті

Аян Самигуллин – СҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы:

– «Челябі-Новосібір» тас жолының 535 шақырымында «Scania» автокөлігі тоқтатылды. Тексере келе біз жүргізушің куәлігі жалған екенін анықтадық. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Қауіпсіз жол» операциясы барысында облыс бойынша барлығы 1080 Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды. Бұл тізімнің 62-ін көлікті мас күйінде жүргізгендер құрайды. Солардың қатарында «Audi 100» маркалы автокөліктің 45-жастағы иесіде бар. Ол қаламыздың Украинская және Лермонтов көшелерінің қиылысында құрықталған.

– Мен көлікті мас күйінде басқардым. Артымнан жол инспекторлары қуып келе жатқанын байқап қашықанымда автокөлігім жол шетінде сөніп қалды.

Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 613-бабы 7-бөлімі бойынша тергеу жұмыстары жүруде. Жедел-алдын алу шарасы аясында анықталғандай тәртіп бұзушылықтардың 204-і қауіпсіздік белдігіН тақпағандар, 158-і көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлескендер құрайды. Ал, жаяу жүргіншілер тарапынан 112 бұзушылық тіркелген.

 

Култанов Байболат