Бизнес және экономика

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларға өтемақы төлеудің механизімін құрастырып жатыр

Василий Садовский- салымшы:

– Мен бүкіл отбасымызға деп акция бойынша салым аштым. Оған сай келісімшартта көрсетілген соманың 10 пайызын бірден салсақ, онда комиссия болмайды. Бұл банктегі жасалған жағдайларға көңіліміз толады. Оның үстіне 20 пайыздық мемлекет сыйақысы төленеді. Сондықтан экономикалық жағдайға қарамастан бұл қаржы институтындағы салымдарымыздың сақтығына сенім мол.

Василий сынды өз салымдарын «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филилалына сеніп тапсырғандардың саны – 17 мыңнан асады. Яғни, солтүстікқазақстандықтар 7 млрд теңгеге жуық қаржыны банктерде сақтауда. Қазіргі таңда қаржы институты курстық аралықтың пайда болуына орай, салымшыларға өтемақы төлеуді жоспарлап отыр. Бүгіндері жаңа механизм жасалып, ол 1-ші қазанға дейін іске қосылмақ.

Райхан Абдрахманова- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директоры:

–  Елбасының тапсырмасына сай, біздің банк қазір жаңа механизм ойластырылып жатыр. Ол депозиттерін ағымдағы жылдың 18 тамызына дейін ашқан жандарға қатысты болмақ. Яғни, оларға өтемақы төленбек. Ол жүйе қабылданғаннан кейін банк сайтында және барлық БАҚ арқылы хабарланады. Сондықтан салымшыларға қобалжудың қажеті жоқ. Ең бастысы барлығы электрондық қолтаңба жасауы керек. Ол арқылы бізге келмей-ақ электронды түрде бізге өтініш жібере алады.

Жыл басынан бері 3 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қаржы институтында есеп ашыпты. Биыл 2 баспананы қолданысқа беріп, 2016 жылға дейін тағы 2 үй тапсырмақ.

Култанов Байболат

yle=’font-size:7.5pt;font-family:”Times New Roman”,”serif”; mso-fareast-font-family:”Times New Roman”‘>Айгерим Ержанова