Ауыл шаруашылығы

Көктемгі дала жұмыстарына мемлекеттен қарыз алған шаруалар несиені қайтаруы тиіс

Гамал Сәдуақасов – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы»ҰК» АҚ СҚО өкілдігінің бас менеджері:


–  Келісімшартқа сай диқандар қарыздарын 1-ші қарашаға дейін өтеулері тиіс. Сапалық талаптардың барлығын біз қарым-қатынас жасайтын 20-ға жуық элеваторға тапсырдық. Тағы сондай ақпаратты облыс
аудандарындағы ауыл шаруашылығы бөлімдеріне де жібердік. Яғни, шаруалар астықты тапсырарда бұл мәліметтен хабардар болады.

Корпорацияға өткен жылдан бері қарызын әлі өтей алмай жатқандар да бар. Бүгінде 6 шаруашылықтың борышы 65 млн теңгені құрап отыр.

Гамал Сәдуақасов – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ СҚО өкілдігінің бас менеджері:

 


–  Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өтініштері бойынша біз қарызды тек бидай мен ғана емес ақшалай да алатын боламыз. Биыл біз 100 мың тонна бидай алуды көздеп отырмыз.

Ал қарызды уақытылы өтемегендер өсімпұл төлейтін болады.

Магжан Ахмадина