Денсаулық сақтау

Емханаларға азаматтарды қайта тіркеу басталды

Нина Никель, қала тұрғыны:

– Жалпы маған бұл емхана өте ұнайды. Өйткені, мындағы қызметкерлер тиянақты, ұқыпты. Кезегімді де көп күтпеймін. Ұнағасын осында тіркелуді ұйғардым.

Елімізде емханаларға азаматтарды тіркеу 2011 жылдан бастап үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында облыс орталығындағы 3-ші қалалық емхана қызметіне 62 мыңнан астам адам жүгініпті.

Әлия Тәшетова, 3 қалалық емхананың бас дәрігері:

– Біздің ауруханаға жылына 400-ге жуық адам тіркеледі. Ал, биылғы ерекшелік қыркүйектің 15-і мен қарашаның 15-і аралығында тіркеліп үлгеруі тиіс. Бірақ, аурухана қызметіне тек 1016 жылдың қаңтарынан бастап жүгіне алады.

Сондай-ақ, емдеу мекемесіне ғаламтор арқылы да тіркелуге болады.

Наталья Пакетова – СҚО денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

– Ешқайда шықпай-ақ Е-GOV Үкімет порталы арқылы емханаларға тіркелуге болады. Басқа өңірден көшіп келген азаматтар 15 қарашаға дейін өздері таңдаған емдеу орнына тіркеуге тұру қажет. Өйтпеген жағдайда ол азаматқа медициналық қымет тегін көрсетілмейді.

Айта кету керек, азамат бір емханаға жылына бір рет қана тіркеле алады.

 

Акбопе Танирберген