Қылмыс

СҚО тәртіп сақшылары заңсыз спирт сатушыларын құрықтады

Асан Смағұлов – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы:

– Желім ыдыстағы 0.5 литр этил спирті анықталды. Бұл факт екінші полиция бөлімінің мағлұматтар есебі кітабіна енгізілді. Алкоголь өнімін заңсыз сатуға байланысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 282 бабына сәйкес 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.

Сондай-ақ, полицейлер ішімдіктің 19 жастағы бойжеткенге сатылғанын анықтаған. Сатушы жап-жас клиентінің құжатын сұрамастан, бір шөлмек сыра ұсынған.

Эльдар Нұрғалиев – Петропавл қалалық әкімшілік полиция бөлімінің бастығы:

– Қаламызда жыл басынан бері алькогольді сусындарды заңсыз сатуға байланысты 60-қа жуық факт тіркелген. Заңға сәйкес мұндай әкімшілік құқық бұзушыларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалады.

Осыған сай, ІІД әкімшілік полиция басқармасының өкілдері облыс орталығында ішімдікті заңсыз саудалаудың ерекше бақылауға алынғанын айтып отыр. Ал, бұл мәселені – алкогольдің көтерме саудасымен айналысатын кәсіпкерлер мен облыстық ІІД бастығы “дөңгелек үстел” басында талқылады.

Дмитрий Кан – “Вэлта” ЖШС директоры:

 

– Полицейлермен алдағы уақытта жүзеге асыратын ортақ іс әрекеттер мен бірлесіп атқарар жұмыс жоспарын талқыладық. Алдағы уақытта қызмет барысында тығыз қарым-қатынаста болуға келістік. Тәртіп сақшылары тарапынан серіктесіміздің болғаны біз үшін де тиімді. Ал, келесі кездесуіміз қаңтар айына белгіленіп отыр.

Бұдан-былайғы уақытта да спирт өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес жұмыстары жалғасын таппақ.

Акбопе Танирберген