Спорт

“Есіл СК” Павлодарда өтетін финалдық ойындарға жолдама алды

Александр Кувшинов, «Есіл СК» волейбол клубының директоры:

– Елімізде 2015-2016 жылға арналған волейбол маусымы басталып кетті. Ал, бұл ойында әр облыстың командалары финалға берілетін екі жолдама үшін тартысқа түседі. Бір аптаға созылған сайыстардың қорытындысы бойынша 12 ұпаймен «Есіл СК» және 9 ұпаймен «Динамо-Қостанай» командалары суырылып алға шықты. Қарсыластарымызға келетін болсақ, өте лайықты команда. Финалдық ойындардан соң екі тарап та Ұлттық Құрамаға енеді.

Көп ұзамай жеңімпаздардың тартысты ойыны басталып та кетті. «Есіл» құрамасы алғашқы сәттен-ақ қарсыластарына тоқтаусыз соққылар жасап, ұпайларын еселей түсті. Дәл қазір есеп 4-0. Бірнеше минут өтсе де, қостанайлықтардың қоржыны әлі бос. Қонақ құраманың құрылғанына көп болмағанын ескерсек, олар өз деңгейлерінде тәуір ойын өрнегін көрсетіп бағуда. Дегенмен, бірінші тайм 25 те 15 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Евгений Скабин, «Динамо» волейбол командасының капитаны, Қостанай қаласы:

 

– Біздің негізгі мақсатымыз – осы ойын маусымында тұрақтау. Ал, бұл кезең біз үшін ҚР кубогі алдындағы дайындық сияқты. Біз тиісті оқу-жаттығулардан кейін өз алаңымызда 1 жұма ғана дайындалып, осында келдік. Тәжірибеміз мүлде аз деп айтуға болады. Сонымен қатар, құрамаға жаңадан екі ойыншы қосылды. Жергілікті қарсыластарымызбен бұрын бір алаңда кездеспегенбіз.

Ал соңғы екі жекпе-жекте қос құрама да белсенділік танытты. Қостанайлықтар да өз кезегінде бірнеше ұпай еншілеген. Десе де 2 таймда да алаң иелері дайындықтарының жоғары екендігін дәлелдеді. Есеп тағы да 25-15. Ендігі, нақты шешуші кезең ҚР-ның кубогі қыркүйектің 20-27 аралығында Павлодарда өтеді.

Акбопе Танирберген