Петропавлда кикбоксингтен ел біріншілігі аяқталды

Спорт

13:42 14 Қыркүйек 2015

Нұргелді Ералиев – жарысқа қатысушы, Тараз қаласы:

– Қарсыласым өте мықты. Жақсы дайындалдым.

Жалпы “Мықтылар шайқасы” деп аталған байрақты жарысқа еліміздің әр аймағынан 70-ке тарта спортшы қатысуда.

Руслан Есеналин – СҚО спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы:

– Жарыс еліміздің кикбоксинг жаттықтырушыларына арналып отыр. Қатысушылардың барлығы – мықтылар. Осы сайыс арқылы біз ел құрамасын жасақтаймыз. Жүзден жүйрік шыққандар қараша айында Сербия мемлекетінде өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

Чемпионаттың финалдық бәсекесіне 5 бірдей солтүстікқазақстандық жолдама алған болатын. Соның екеуі алтыннан алқа тағынса, үшеуі “күміске” қол жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, екінші – Қарағанды облысы, ал СҚО-ның спортшылары жеңіс тұғырының үшінші сатысына тұрақтады. Үздіктер медаль және кубокпен марапатталды.

Култанов Байболат