МТРА жаңалықтары

Петропавлда ашық аспан астындағы кинотеатр ашылды

Вячеслав Лукин, Петропавл қаласының тұрғыны:

– Ашық аспан астында ашылған кинотеатр бізге ұнады. Осында отбасымыз және достарымызбен бірге келіп киноны тамашалауға болады. Мұндай жаңашылдықты бірінші рет көріп жатырмыз. Сондықтан үлкен әсер алып жатырмын.

Көлемі 104 шаршы метр болатын экран алдына бір мезетте жүзден астам көлік сыяды. Осылайша тіпті киноны 100 метр қашықтықтан да емін- еркін тамашалауға болады.

Артем Кревченко – “Ашық аспан” кинотеатрының директоры:

– Біз осы идемызды халықтың игілігі үшін жасадық. Олар бос уақыттарында ашық аспан астындағы кинотеатрға келіп, қызықты фильмдер қарасын. Қондырғылардың барлығы Оңтүстік Корея елінікі. Сапасы жағынан өте мықты. Сондықтан бізге келіңіздер.

Көрермендердің назарына сала кетсек кинотеатр қаламыздың Жамбыл Жабаев 1 мекен жайында орналасқан. Фильмді тамашалау құны 1 автокөлікке мың теңге. Айта кеткен жөн ашық аспан астындағы жаңашылдық 30 градус суықта да халыққа қызмет етеді.

 

Култанов Байболат