МТРА жаңалықтары

Өңірде үй құрылысы комбинаты жуық арада іске қосылады

Олег Солоха- «Единства» ЖШС аға шебері:

– Зауыттың қазіргі кезеңдегі даму қарқыны қуантады. Кәсіпорын бір мезгіл болсын, тұрып қалған емес. Керісінше, жалақымызды арттырып,еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуда. Екінші аусымда еңбек ететіндер тегін тамақтанады, автобус бар. Жаңа жобаны іске асыруға барлығымыз білек сыбана кірісіп, еңбектеніп жатырмыз.

Кәсіпорынның алғашқы өнімі міне мынау 3 қабатты панель бүгіндері даяр тұр. Қазір оған жалғанатын қаңқалар дайындалып жатыр. Бұл тұтастай бір кешен болмақ. Ғимаратты жобалау, темір-бетон бұйымдарын өндіру мен дайындаудан бастапқы, тұрғын үйді салу мен пайдалануға беруге дейінгі барлық жұмыстар осында атқарылатын болады. Яғни, баспананы бұрынғыдай кірпішпен қалап, әуре болмай, міне мынадай төрт қабырғаны қалап алуға мүмкіндік туады.

Игорь Киселев- «Единство» ЖШС директоры:

– Жаңа желі Қазақстандық ипотекалық компания жүйесі негізінде жасалынуда. Қазір арматурасы, қаңқасы дайындалып жатыр. Олар тәуелсіз зертханалардың тексерісінен өткен. Панельдер 3 қабаттан тұрады. Ол материалдар «Береке» шағын ауданындағы үйді тұрғызуға дайындалуда.

Зауытта итальяндық қондырғылар жұмыс істеп тұр. Алғашқы уақытта мұндағылар күніне 16 панельді шығаратын болса, Қуаттылығы артқанда тәулігіне 40-қа жуық өнім өндірмек. Бүгіндері қарқынды дамып келе жатқан серіктестік мұндай жетістік мемлекет қолдауынсыз мүмкін болмас еді дейді.

Игорь Киселев- «Единство» ЖШС директоры:

 

– Елімізде құрылыс саласына ерекше көңіл бөлінген. Түрлі бағдарламалар арқылы жаңа өндірісті іске қосып, өнім көлемін арттыруға мүмкінедік бар. Міне біздің іске қосқалы жатқанымыз солардың бірі. Қазір серіктестікте 100-ге жуық адам еңбек етеді. Жаңа желі ашылғанда олардың санын арттыру жоспарда бар. Тағы бізде еңбеккерлерге жақсы жағдай жасалған. Келешекте дуалды оқыту жүйесі бойынша жұмысты жандандыруды көздеп отырмыз.

Үй құрылысы комбинатының өнімдерін есепке алмай-ақ, кәсіпорын жыл соңына дейін 700 млн теңгеден астам соманың тауарын өндірмек.

Магжан Ахмадина