МТРА жаңалықтары

Аббатандыруды талап ететін аула

Александра Маликова- үй тұрғыны:

– Бұл деген сұмдық қой. Жан-жағымызда керісінше, жолдар салынып, асфальт төселіп жатыр. Ал біз міне батпақтың ортасында отырмыз. Етік киіп қана жүруге болады. Жаз бойы осы жердегі су құрғаған жоқ. Осы сазды сосын үйге кіргіземіз.

Бұл жерде шілде айында «Қызылжар су» ЖШС су құбырларын алмастыру шаруаларын жүргізіпті. Ал тұрғындар 3 айдан бері кәсіпорын өзінен кейін қашан қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізеді екен деп күтумен келеді. Талай мекеменің табалдырығын тоздырған халықтың бүгін тілегі орындалғандай болды. Серіктестік мамандары келіп ауладағы суды сорып алу жұмыстарын жүргізуде.

Ержан Құсымбаев- «Қызылжар су» ЖШС сумен қамту кешенінің басшысы:

 

– Суды сорып алғанан кейін құм төсейміз. Кейін аула қиыршық таспен жабылады. Бірнеше күннің ішінде аббаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазір мінге 10-ға жуық техника мен сонша адам осы жерде жүр.

Айта кету керек, 120 пәтерлі баспана өткен жылы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына қатысыпты. Олар үйдің шатырын, жертөледегі барлық шаруалар мен ғимараттың қасбетін толық жөндеуден өткізген. Жобаға сай аулаға асфальт төселуі тиіс болатын. Алайда әзірге ол шаралар жүргізілмепті. Тұрғындар алдағы уақытта бұл істің де сәті түсері анық дейді.

Магжан Ахмадина