Ауыл шаруашылығы

Солтүстікқазақстандық комбаин құрастырушы “КазТехМаш” ЖШС-нің жұмысы қарқын алуда

Сәбит Шәкенов – «КазТехМаш» ЖШС бас директоры:

– «КазТехМаш» зауыты өзінің жұмысын қарқынды түрде жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда комбайндарды шығарып жатырмыз. Оның 15-і дайын. Сатып алушыларға австриялық және канадалық жаткаларды қосып беріп те жатырмыз.

Бүгінде бұл серіктестікте 48 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кейбірі тіпті Польша елінде бір айлық оқыту курсына да барып келген. Шет елден тәжірибе жинағандардың қатарында Қайрат Бегалинов та бар. Ол шаруашылықта слесарь-құрастырушы қызметінде жүр. Маманның айтуынша, мұндағы жұмыс қазір қызу қарқынмен жүруде.

Қайрат Бегалинов – «КазТехМаш» ЖШС слесарь-құрастырушысы:

– Жұмысым өзіме ұнайды. Комбайн жинаймыз. Мен екінші поста жұмыс жасаймын. Мұндағы қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. Құрылғылардың барлығы жаңа. Сол себепті біз техниканы тез әрі сапалы құрастыруға тырысамыз. Әрине, еңбекақы да жаман емес.

Бүгінде шаруашылық иесі әлемде валюта бағамына байланысты орын алған оқиғаларға қарамастан, серіктестіктегі жұмыс орнын сақтап отыр.

Сәбит Шәкенов – «КазТехМаш» ЖШС бас директоры:

– Бүгінгі таңда техникаға деген сұраныс артуда. 15 комбайн бүгінгі таңда ауылшаруашылықтарға таратылуда. Тапсырыстар да келіп жатыр. 6-уы аудандарға жіберілді. Бүгін-ертең қалғаны кетеді. Алдағы жоспарымыз ары қарай жалғасады. Техника шығарудың түр-түрін дамытамыз. Оның үстіне болашақта біз Ресейге экспортқа шығарамыз деген ойымыз бар. Обмы мен Қорған біздің болашақ нарығымыз

Айту керек, «КазТехМаш» ЖШС-нің су жаңа комбайны облысымызда тамыздың 21 күні таныстырылған.

 

Айгерим Ержанова