Қоғам

Қызылжар ауданының тұрғындары Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтті

Албина Уатаева – Прибрежный ауылдық округі әкімдігінің бас маманының көмекшісі:

– Біздің дастарханымызда бауырсақтың түр-түрі жайғасқан. Дөңгелек, кішкентай, төртбұрышты және үшбұрышты. Тәсілін айтып кетектін болсақ, сұйық май, жұмыртқа, ашытқы керек. Кейін ыстық майға қуырамыз.

Сонымен қатар, бұл күні «Бал қымыз» фестивалі де ұйымдастырылды. Ол үшін мұнда ауданның бірнеше округінен қымыздың дәмін балдай қылып әзірлей білетін нағыз шеберлер жиналды. Мәселен, Қызылжар селолық округі пайдалы өнімнің 6 түрін әкелген.

Қайыржан Қалықов – Қызылжар селолық округі әкімдігінің бас маманы:

– «Бал қымыз» фестиваліне қымыздың 6 түрін әкелдік. Оның ішінде «бал қымыз» бар. Оған жылқының сүр етін, қазысы мен қартасын қосып әзірлейді. Дәмі тіл үйірерлік болғандықтан бал қымыз деп атаған.Бұл әр түрлі ауруларға ем, шипалы. Тіпті мына туберкулез ауруына да шипалы.

Меркеге жиылған жерлестерін Қызылжар ауданының әкімі Болат Жұмағұлов құттықтады.

Болат Жұмабеков – Қызылжар ауданының әкімі:

– Қазақ хандығының құрылуы еліміздің тарихында елеулі кезең. Биыл 550 жыл толып отыр. Елбасымыздың бастауымен тойланып жатқан бұл мереке Тәуелсіз Қазақстан тарихында алтын әріпппен жазылған кез.Сіздерді шын жүректен осы атаулы мерекемен құттыұьаймын.

Бұл мерекеде ән де болды, би де болды. Тіпті, Алаш туын желбіреткен ақындар мүшайрасы да өткізілді. Аудан ішінде ұйымдастырылып жатқан ақындар айтысына Гүлім Елеманова да келген. Бала кезден Ұлы даланың ақындарына еліктеп өскен нәзік жанды мектеп табалдырығында алғашқы өлең шумақтарын жазыпты. Ал ЖОО-на түскеннен кейін студент жыр жазуды біраз уақытқа тоқтатқан екен.

Гүлім Елеманова – Озерное орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі:

– 11-ші сыныпқа дейін жазып жүрдім. Бірақ өкінішке орай, сақталған жоқ. Кейін университетке түскеннен кейін 5 жыл көлемінде қойып кеттім. Қазір қайтадан қолданып, жазуды бастадым.

Өлең жазуды махаббат тақырыбынан бастаған ақынжанды қыз бүгінде жырларын патриоттық арнаға бұрыпты.

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Айгерим Ержанова