МТРА жаңалықтары

Петропавл әуежайы мен спорт сарайы сапалы салынуы тиіс

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Поручаю проработать план с авиакомпаниями кторый должны послы 25-го уже начитать полеты у нас. В конце месяца мы должны обеспечить полеты в Астану, в Алмату.

Облыс орталығындағы спорт сарайының да ашылатын күні алыс емес. Ерік Сұлтанов ғимаратта жұмыстың қарқынын байқады. Ағымдағы айдың 25-і мұндағылар жылу құбырларын жуып – шаймақшы. Осы тұста аймақ басшысы нысанның жылылығы мен спорт алаңдарының жарықтандырылуына жіті мән берілсін деді.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Есть такое понятие как световой эффект. Вот на световой эффект нужно все помещения сдать. На ледовой площадке по требованиям должно быть больше света.

Мұндағы жабық мұз айдынында кәсіби спортшылар жаттығуларын өткізе алады. Осы орайда облыс әкімі өңірімізде хоккейдің дамуына ерекше ден қойылғандығын атап өтті.

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Құлагер командасы, қала құрамасы бар. Естеріңізде болса, кезінде біздің команда Өскеменен кейін хоккей бойынша 2-ші орында болған.

Ерік Сұлтанов мердігер компания басшысына нысанды мерзімінде тапсыру үшін жұмысты тәулік бойы тоқтатпауға кеңес берді.

Берик Касен