Қоғам

Нұр Отан» партиясы СҚО филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Сергей Яковенко- СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

– Алғашқы бағдарлама бойынша биылғы жылы 19139 адам жұмыспен қамтылды. Солардың 6 мыңнан астамы жұмыс берушілердің өтініштері бойынша қабылданған. Көпшілігі әлеуметтік жұмыс орыдарымен қамтылыпты. Тағы жыл басынан 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып отыр.

Бүгіндері мемлекет қаржысы есебінен көптеген жұмыссыз жүрген жандар мамандық алып, қайта даярлық курстарынан өтуде. Алайда осындай қолдауға ие болғандардың барлығы бірдей берілген қаржыны қайтаруға асықпайтын көрінеді. Бұл мәселенің тек бір ғана жағы. Аталған саладағы өзге жаға ұстатар фактілер жайлы жиналғандарды прокуратура өкілдері құлағдар етті. Бір қызығы, заңбұзушылықтарға мемлекеттік қызметкерлердің өздері барған.

Марат Әжібаев- СҚО прокуратурасының 1-ші басқармасының аға прокуроры:

– Жыл басында Ғ.Мүсірепов ауданының жұмыспен қамту орталығында прокуратура органдары тексеріс жұмыстарын жүргізді. Аудандағы жеке кәсіпкерлердің бірінде бос жұмыс орны ашылған. Оған аспаз ретінде аудан тұрғынын орналастырылып, ол 52 мың теңге көлемінде жалақы алып келген. Ал кәсіпкерге мемлекет есебінен компенсация төленіп отырыпты. Кейін анықталғандай азаматша жеке кәсіпкерде мүлде жұмыс істемеген екен. Бұл аудандық жұмыспен қамту орталығы бағдарламалардың орындалуын қадағаламайды деген сөз. Кінәлілер жауапқа тартылды.

Мұндай жағдайлар М.Жұмабаев және Айыртау аудандарында да тіркеліпті. Бір қызығы, айыртаулық азамат өзінің мекемеде жұмыс істейтіндігін прокуратура органдарынан ғана естіп білген. Жиынға қатысқан комиссия мүшелері мұндай оқиғалар жылдан жылға қайталанып келеді. Нәтижесінде ел қазынасынан шыққан қаржы қайтарылмайды. Сондықтан осы сынды олқылықтарға жол берілмеу керек деді. Кейін шара барысында облыстық жер қатынастары басқармасы мен қалалық әкімдікке келіп түсетін тұрғындардың өтініштері қаншалықты уақытылы қаралатындығы жайлы мәселелер қозғалды.

Магжан Ахмадина