Спорт

Кикбоксингтен республикалық турнир жалауын көтерді

Арман Бөртебаев, кикбоксингтен ҚР спорт шебері, Оңтүстік Қазақстан облысы:

– Қандай қарсылас болса да оны сыйлау керек. Негізі бұл турнирге кіл мықтылар жиналған. Олардың барлығы ел намысын әлем ареналарында қорғап, атақты спортшы болғылары келеді. Алайда рингте бағы мен бабы келіскендер жеңеді.

Арман Бөртебаев ертең 2-ші кездесуін өткізбек. Онда қарсыласын ойсырата жеңсе, сөз жоқ қазан айында Сербияда өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама алады. Жалпы осы кикбоксингтің К-1 түрі бойынша шаршы алаңға 7 спортшы шықты. Еліміздің әр аймағынан жиналған кіл мықтылардың қарым-қабілетін түрлі деңгейдегі судьялар бақылап отырды.

Талат Мұхитов, кикбоксингтен халықаралық санаттағы судья:

– Бүгін өз салмақ дәрежелері бойынша үздік үштікке іліккендер қолғап түйістіруде. Жалпы елімізде жасөспірімдер мен ересектер арасында осы спорт түрі беделге ие болды.

Кикбоксингтен республикалық турнирдің іріктеу кезеңінде 70 спортшы 11 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.

Берик Касен