Аптадағы маңызды жаңалықтар

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығы тойлануда

Риат Шони – тілші:

– Этноауыл өңіріміздің Ғ.Мүсірепов, Жамбыл және Тайынша аудандарының қатысуымен құрылған. 20-ға жуық қолөнер шебері елорда тұрғындары мен қонақтарына ағаш, киіз және шыны-әйнектерден жасаған өздерінің 150-ге тарта бұйымдарын көрсетуде. Сонымен қатар, ел жұртшылығына облысымыздағы құнды қазыналардың бірі – энеолит дәуірінен сыр шертетін «Ботай» қонысының жәдігерлері ұсынылды. Ашық аспан астында экскурсияны археология профессоры Виктор Зайберттің өзі жүргізуде. Мереке барысында «Сиқырлы би әлемі» деп аталатын фестивальде Солтүстік Қазақстан облыстық филармонияның «Туған жер» және «Әдемі-ау» би ансамбльдері өнер көрсетті. Торқалы тойға тарту ретінде Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры «Путешествие на волшебном тулпаре» атты қойылымдарын сахналаса, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының әртістері «Хан Кене» деген блокты жұртшылық назарына ұсынды.

 

Айта кету қажет, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған негізгі іс-шаралардың екінші кезеңі 9-шы қазанда Тараз қаласында жалғасатын болады. Бұл жерде «Қазақ хандығына 550 жыл» монументінің, «Көне Тараз» мұражайының салтанатты ашылуы және өзге де мәдени бұқаралық жиындар өтеді.

Риат Шони, Култанов Байболат