МТРА жаңалықтары

Петропавлда сенбі күні кезекті азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Сондай-ақ, қант пен күріштің келісі 175 теңгеден, жарма өнімдері 140 теңгеден сатылмақ. Жәрмеңке Егемен Қазақстан, 1 мекен жайындағы “Солтүстік”сауда орнында таңғы 9-дан басталады. Айта кетейік, аталмыш сауда нүктесінде өтетін жәрмеңке өңір жетекшісінің тапсырмасымен осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Евгения Сальникова, Петропавл қаласы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

-Сауда-саттыққа Мамлют ауданы ет, жұмыртқа, балық сынды балғын өнімдер әкеледі. Жергілікті өндірушілердің тауарлары өз бағасымен ұсынылмақ. «Солтүстік» базарына 31, 11, 26 бағыттағы автобустар барады. Бұл күні осы жаққа жүретін қоғамдық көліктердің саны көбейтілді. Сондай ақ, мұндай жәрмеңке «Алтын Арман», «Коммунальный» және «Дария» базарларында да өткізіледі.

 

Акбопе Танирберген