Білім

Назарбаев зияткерлік мектебіндегі оқыту үрдісін басқа да білім ошақтары қолданады

Бақыт Нұрышева – “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы “СҚО ПҚ БАИ” Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері:

-Дөңгелек үстелдің маңызы зор. Қала және облыс мектептері Назарбаев Зияткерлік Мектебінде” оқытылатын оқу үдерісін меңгеру қажет.

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Сарытомар орта мектебінде 67 оқушы білім алуда. Биылғы жылы білім ұясында 30 орынға шықталған интернатта ашылыпты. Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Айтимова Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарынан алған тәжірибені өзімізде пайдаланамыз деп отыр.

Сәуле Айтимова – Сарытомар орта мектебі директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары, М.Жұмабаев ауданы:

-Біздің мектепте оқушыларға сапалы біілім беретін мұғалімдер жеткілікті. Олардың көбісі жоғары санатты.

Жиын соңында ұстаздар болашақтағы жоспарларын да айтып қалды. 2016-2017 оқу жылында облысымыздың физика-математикалық бағытта сабақ беретін 130 мұғалімін ағылшын тіліне үйрету көзделіп отыр.

 

 

Култанов Байболат