Қоғам

Елімізде ХҚКО күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті

Қайрат Асқарбеков – СҚО бойынша “ХҚКО” Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиал директоры:

-Бүгінгі күні келушілердің саны үш рет көтеріліп көбеюіп жатыр. Сол себепті орталық сағат таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ сенбі күні де осы кесте бойынша қызмет көрсетіледі. Егерде қажет болып жатса, жексенбі күніде жұмыс істеуге дайынбыз.

Жай күндері мекемеге 100-ге тарта адам келсе, қазір 500-ден астам теріскейлік қызмет алуға ат басын бұрады екен. Бүгін жеке куәлігін жаңартуға келгендердің қатарында Ұлы Отан соғысының ардагері Степан Башикровта бар. Көнекөз қария құжаттарды ауыстыру қажеттігін естіп, бірден ойланбастан келдім дейді.

Степан Башкиров – Ұлы Отан соғысының ардагері, СҚО құрметті азаматы:

-Кеше үйде отырғанымда есіктің қоңырауы шылдырлады. Барып ашып едім атшабар келіп, Степан Федорович өзіңіздің жеке куәлігіңізді көрсетіңізші деді. Мен алып шығып оған бердім. Ол куәлігіңізді ауыстыру қажет, қазір базада өзгерістер орын алып жатқандығын айтты. Енді міне бүгін келіп өтініш толтырып, суретке түстім.

Айта кету қажет бұл науқан ел көлемінде алғаш рет жүргізілуде. Күшейтілген режимге көшкен Петропавлдағы орталықта 4 терезе халыққа қызмет көрсетеді. Ал өңір аудандарында біреуден. Қазіргі таңда 12 мыңға жуық жерлесіміз жаңа куәлік алуға өтініш білдірген екен. Айта кету қажет, құжатты ауыстырудың бірнеше себебі бар. Біреуінің мерзімі аяқталса, біреуінің мекен-жай анықтамасы сәйкес келмейді.

Галина Петухова – зейнеткер:

-Бүгін біз халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлігімізді ауыстыруға келдік. Бізді алдын ала ескерткен. Ұзын-сонар кезекте тұрған кісілер көп. Менің талоным 547-ші. Алдымда кісі көп болды. Әлі күтіп тұрмын. Қиындау әрине.

Жалпы жаңа куәлік 30 күннің ішінде дайын болады. Халытың мұндай дүрбелеңі қазанның 20-на қарай бәсеңдейді деген сенімде мекеме қызметкерлері.

 

 

Риат Шони