МТРА жаңалықтары

2017 жылдан бастап елімізде зейнетақы жүйесі жаңғыртыла бастайды

Гүлбақыт Манабаева, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон кимитетінің СҚО бойынша департаменті әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің басшысы:

-Егер де азаматтың еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ын құрайды. Базалық зейнетақы мөлшері 10 жылдан артық болса әрбір жыл үшін 2 %-ға ұлғайтылады және қатысу өтілі 35 жыл және одан да көп болған жағдайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрайды.

Осылайша, еңбек өтілі көп бола тұра осыған дейін төмен мөлшерде зейнетақы алып келген қарияларға қатысты әлеуметтік әділдік орнатылады. Бұл өзгерістің болатынына тұрғындардың біразы қуануда. Мейрам Мұрзашев 47 жыл ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. Қария алдағы жылдары еңбегінің тиісті дәрежеде бағаланатынына риза екенін білдірді.

Мейрам Мұрзашев, зейнеткер:

-Ауыл шаруашылығында көп жыл еңбек еткен механизаторлар бар. Бірақ олар бүгінде ең төмен зейнетақы алады. Мен де солардың қатарындамын. Кезінде сәкі жуған әйелдердің зейнетақысы бүгінде механизаторлардан жоғары. Айтыңдаршы бұл әділетілікке жата ма. Сондықтан зейнетақы жүйесінде жақсы өзгерістердің болғанын қалаймын.

Зейнетақы жүйесіндегі тағы бір өзгеріс еңбекке жарамды азаматтарға қатысты. 2018 жылдан бастап бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмысшының атына қосымша жеке есепшот ашылып, оған жұмыс беруші жеке қаражаты есебінен 5 пайыз міндетті зейнетақы жарналарын аударытын болады. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен зейнетақы төлемдері өмір бойы төленеді. Ол азаматтың меншігі болып саналмайды, мұраға қалдырылмайды.

Гүлбақыт Манабаева, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон кимитетінің СҚО бойынша департаменті әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің басшысы:

-Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық атына шартты зейнетақы шотына ашылып, кемінде 60 айға жарналар аударылған жағдайда зейнеткерлік жасқа (58-63/63) жеткен адамдарға, сондай-ақ мүгедектік мерзімінсіз болып белгіленген 1 және 2 топтағы мүгедектерге беріледі.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуметтік құрылымдардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды мемлекет толығымен өз мойнына алмақ.

Гүлбақыт Манабаева, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон кимитетінің СҚО бойынша департаменті әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің басшысы:

-Күш құрылымдарында еңбек еткен азаматтардың зейнетақысының мөлшері қызметтен босатылған кездегі еңбек сіңірген жылдары және ақшалай қамтылымына қарай есептелетін болады.

Бұл шаралар әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыруды халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, олардың әлеуметтік кепілдіктерін сақтауға мүмкіндік береді.

 

Берик Касен