Қоғам

СҚО жыл басынан 490 өрт оқиғасы тіркелген

Біржан Кәрімов – СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактикалық жұмыс басқармасының бастығы:

-Биыл өңірде дала мен орман өрттері азайды. Өткен жылы олардың саны облыс бойынша 9 болса, биыл 6 факті тіркелді. Тілсіз жау 6 мың гектарға жуық аймақты шарпыған. Салдарынан мемлекетке келген шығын 200 мың теңгені құрайды. Біздің мамандардың дер кезінде әрекет етуінің нәтижесінде қызыл жалынның жалмаған аумағы көп емес.

Жалпы жыл басынан СҚО 490 өрт оқиғасы болған. Салдарынан 21 адам көз жұмыпты. Ал, Петропавл қаласында соңғы 9 айдың қорытындысы бойыншы 163 қызыл жалынның тұтануы орын алған. Соның нәтижесінде 3 адам қаза тапса, 11 тұрғынды күйік шалып, дене жарақаттарын алған. Осындай өкінішті жағдайлардың көбінде облыс орталығында тұрғын үй иелері кінәлі болады екен.

Біржан Кәрімов – СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздік саласындағы бақылау және профилактикалық жұмыс басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі:

-Қаладағы өрт оқиғасының орын алуына көп жағдайларда жеке меншік үйлерде тұратын адамдар кінәлі. Олар белгіленбеген жерде қоқыстарын өртейді және үйдегі пешті салғанда тиісті нормаларды сақтамайды. Осының нәтижесінде өкінішті оқиғалар туындайды. Сол себепті бұл істерде мұқият болған абзал.

Қазіргі күні облыс бойынша 27 өрт сөндіру бөлімшесі бар. Мұнда 739 өрт сөндіру қызметкері жұмыс істейді. Олар қызыл жалынға қарсы түрлі құрал-жабдықтар және 132 көлікпен қамтылған.

 

 

Култанов Байболат