Бизнес және экономика

“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы өңірде қарқын алуда

Жұлдызай Нұрышева – “Нұрышев” ЖК директоры:

-Ең әуелі мен жас кәсіпкер мектебіне барып өз ісімді ашу үшін білімімді жетілдірдім. Кейін “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорында бизнес жоспар жасап, “Бизнестің жол картасы – 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 7 пайыздық үстемақымен 5 жылға 2,5 млн теңге несие алдым. Енді міне өз кәсібімді ашып, ұлттық нақыштағы бұйымдарды тігудеміз. Қажетті маталардың барлығын Алматы, Қарағанды, Павлодар қалаларынан сатып аламыз. Барлығы отандық өнім.

Жалпы ательеде 5 тігінші еңбек етеді. Жас кәсіпкер Жұлдызайға өз бизнесін өрбітуге анасы көмектеседі. Нәзік жанды ине мен жіпті бала кезінен серік еткен. Цехтағы тігіншілермен қатарласып, өз бұйымдарын да тігеді.

Марал Нұрышева – “Нұрышев” ЖК тігіншісі:

-Киім-кешектердің барлығы сатылады, кейбірін жалға алуға болады. Бағалары қалта көтерерлік. Жалпы кәсіпкерлік директоры Жұлдызай Нұрышева елімізде орын алып жатқан соңғы өзгерістер, яғни ұлттық валюта теңгенің еркін бағамға жіберілуі біздер үшін тиімді дейді.

Жұлдызай Нұрышева – “Нұрышев” ЖК директоры:

-Теңге бағамы еркіндікке жіберілген соң азық-түлік немесе басқа тауарлардың импортталуы төмендейді. Яғни халық өз өнімімізді сатып алатын болады. Ол әрине біздер, кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Енді өз ісімізді өрге домалата аламыз. Менің ойымша бұл ойда жоқта пайда болған шешім емес, керісінше барлығы зерделеп барып жасалған батыл қадам.

Дамудың даңғыл жолына түскен кәсіпкердің алдағы жоспары бизнестерін кеңейту. Айта кету қажет, ателье мектеп оқушыларына форма, театр әртістеріне арнап ұлттық костюмдер тікпек ниетте. Әрине тапсырыс болса.

 

 

Риат Шони