Спорт

Петропавлда волейболдан ҚР кубогының кезеңдік ойындары өтуде

Мамаш Омаров – бас төреші:

-Бүгін ҚР кубогы өтіп жатыр. Бұл бірінші этап. Бұл кезеңде 10 команда қатысады. Екі лигаға бөлінген. Бүгінгі күні «Ұшқын» мен петропавлдық команда жеңімпаз болып келе жатыр. Қазір Алматымен ойнайды. Есіл СК» құрамасы басымдай ма деймін. Негізі жарыс жақсы өтіп жатыр.

Алаңға шыққан әр ойыншы жеңіс тұғырынан көрінуге мүдделі. Сол себепті бұл жарыста олар бар күштерін салуда. Бірақ ойын басталысымен басымдылықты Алматы қаласының спортшылары танытты.

18-де 21 есебіне дейін ұшқындықтар алда болса, кейін ойын барысы 26-да 26 болып теңесті. Дәл осы кезден бастап әр шабуыл маңызы арта түсті. Өйткені бірінші таймның жеңімпазын білуге аз ғана уақыт қалды. Дегенмен екі команда бір-біріне дес берер емес. Табло есебі тең түсті. 29-да 29. Бірақ алаң иелері соңғы минуттарда жиналып алматылықтарды 29-да 31 есебімен жеңді.

Ал ойнның екінші кезеңі тіптен қыза түсті. Бірақ бірінші таймдағы сәттер тағы да қайталанды. Таблодағы сандар бірнеше мәрте теңесті. Бірақ бұл жолы да жеңісті «Есіл СК» командасы қанжығаларына байлады.

Александр Рябко – «Есіл СК» волейбол командасының бас жаттықтырушысының көмекшісі:

-Алматылық команда өте мықты қарсыластар. Олар жоғарғы лигада да дәл осы құраммен ойнады. Тәжірибелері мол екені көрініп-ақ тұр. Сол себепті біздің жігіттерге біраз тер төгуге тура келді. Жарыс өте қызықты өтті. Қателіктер де болды, әрине. Дегенмен біздің команда өз деңгейлерін көрсетті.

Бүгінгі жеңімпаздар анықталғанымен, ойын шарты бойынша жігіттер үшінші таймда кездесулері тиіс. Жеңілгендіктеріне қарамастан, алматылық «ұшқын» командасының спортшылары есепті 2-де 1 етуге тырысып бақты. Бірақ бұл жолы да өңір спортшылары бәсекелестеріне дес бермеді.

Бибархан Шарапов – «Ұшқын» командасының ойыншысы, Алматы қаласы:

-Бүгінгі ойын қиындау өтті. Ұтуға тырыстық. Бірақ петропавлдық құрама жақсы ойын көрсетті.
Олар енді бізден бір саты жоғары ойнайтын команда. Біздің балалар кішкене жастау. Әлі дайындалу керек.

Осылайша, 3-те 0 есебімен «Есіл СК» командасы тағы да жеңімпаз атанды. Дәл осындай көрсеткішпен олар өскемендік «Алтай» және қостанайлық «Динамо» құрамаларын ойсырата жеңген болатын. Ал келесі ойынды жерлес команда павлодарлықтармен өткізбек. Жалпы жарыс қорытындысы қыркүйтің 11 күні белгілі болмақ.

 

 

Айгерим Ержанова