МТРА жаңалықтары

Петропавлда «Жылдың үздік психологы» байқауы өтті

Анар Шарипова, Мамлют ауданы Белое орта мектебі жанындағы шағын орталықтың психологы:

-Мен бүгін әріптестеріммен тәжірибе алмастым. Өзімнің шеберлік сыныбымды көрсеттім. Енді бірінші орыннан дәмелімін.

Ал, мына дәрісханада мектеп жасындағы балаларға арналған психологиялық тренингтер мен шеберлік сыныбы өтуде. Білім ұясында миды сергітетін жаттығулар көбіне ҰБТ-ге дайындалып жүрген балалармен жүргізілетін көрінеді.

Ақбота Мұрзалинова, Аққайың ауданының Тоқшын мектеп-гимназиясының психологы:

-Мен сайысқа түпкілікті дайындықпен келдім. “Бала тәрбиелеу”, “Жыл мезгілдері” сынды шеберлік сыныптарымды ортаға салдым.

Байқау ережесіне сай қатысушылар сынақтың екі кезеңінен өтті. Креативті түрде өзін таныстырған психолог – біріншіден, дайындап әкелген слайдтарын көрсетуі тиіс. Екінші кезекте, әр жастағы бала мінезінің дұрыс қалыптасуына әсер ететін шеберлік сыныбын ортаға салуы шарт. Айту керек, қатысушылардың жұмысына «Өрлеу» БАҰО АҚ жергілікті филиалының педагогтары қазылық жасауда.

Дариға Абдишева, «Өрлеу» БАҰО» АҚ СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» филиалының аға оқытушысы:

-Сайыскерлердің барлығы жақсы дайындықпен келген. Биыл қатысушылар саны да арта түсіпті”. Бұл үлкен қуаныш.

Петропавлда екінші жыл өткізіліп отырған сынға облыс орталығы мен аудандардағы білім беру мекемелерінен келген 26 психолог маман қатысты.

 

 

Акбопе Танирберген